Ақтөбе облысында өртенген автобуста аман қалған өзбекстандық екі жолаушыны еліне қайтаруға прокурорлар рұқсат бермеді. Өйткені тергеу кезінде куәлік етуге керек болады деп отыр, деп хабарлады КТК.
Облыстық аурухананың қос палатасына күзет қойылған. Оның бірінде автобустың тірі қалған жүргізушілері жатса, екіншісіне өзбек жолаушылары орналасыпты. Олардан күн сайын тергеушілер жауап алып жатыр. Осылайша өрттің шығуына кінәліні таппақ.
“Жалпы, бұл кісілердің стационарлық ем алуына ешқандай қажеттілік жоқ. Олар шығуы керек. Бірақ тергеу амалдары жүріп жатқаннан кейін біз оларды амалсыз шығармай отырмыз”, — дейді Ақтөбе облыстық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасының бас дәрігері Рақымжан Арыстан.