Ташкентте Ақтөбе облысындағы өрттен қаза болғандардың отбасына көмек көрсету мақсатында 22 қаңтарда басталуы тиіс қайырымдылық марафоны тоқтатылды.
Ташкентте Ақтөбе облысындағы өрттен қаза болғандардың отбасына көмек көрсету мақсатында 22 қаңтарда басталуы тиіс қайырымдылық марафоны тоқтатылды, деп хабарлады Sputnik.
“Арман және өмір” (“Орзу ва хаёт”) халықаралық қайырымдылық қорының басшысы Ильхомжон Қасымов Өзбекстанның бірнеше қаласында қайырымдылық марафонын өткізуді жоспарлаған. Дегенмен елде осы жағдайды пайдаланып, ақша тапқысы келетін алаяқтар пайда болған.
“Қайырымдылық марафоны өтпейтін болды. Әлдебіреу біздің қайрымдылық жұмысымызды пайдаланып, шот ашып, менің атымнан әрекет етуді бастап жіберіпті. Мен марафонды тоқтатуға шешім қабылдадым», — деп жазды Қасымов Facebook-тегі жеке парақшасында.Пост авторы қаза болғандардың отбасын қолдағысы келетіндерді жергілікті хокимият (әкімдік) өкілдеріне хабарласуды ұсынды.