Жұма күні, 19 қаңтарда, сағат 14:30 шамасында 25 жастағы жүкті келіншек облыстық наркологиялық диспансерге келген. Алайда аяз салдарынан ғимаратқа кіре алмапты.
Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.
«Келіншекті қандай себептерге байланысты перзентханаға жеткізіп үлгермегенін білмейміз. Ол үйде болған кезінде суы кетіп қалған. Оның туыстары бізді көлікке шақырған кезде ол босана бастаған. Далада аяз болды. Сондықтан оны ғимаратқа алып кіре алмадық», – дейді медициналық қызметтер сапасы бойынша директордың орынбасары Арман Мұрзахметов.
«Ұл бала туды. Оның кіндігін байлап, бірден жедел жәрдем шақырдық. Мұның бәрі бес минуттың ішінде болды. Нәрестені қымтап орап, қолайлы жағдай жасадық», – дейді Арман Мұрзахметов.
Қазіргі уақытта келіншек пен сәбиі қалалық көп салалы ауруханада жатыр. Олар дәрігердің бақылауында.