Димаш Құдайберген философиялық ойға беріліп, ұлт тәрбиесінің ерекшелігін екшеп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.
Әншінің жазбасы, негізінен, қазаққа тәрбиемен берілетін игі қасиет – кішіпейілділік жайында болып келеді.
«Кішіпейілдік – ізеттілік пен әдептіліктің, құрмет пен сыйластықтың белгісі, пейіл мен ниеттің бір түрі.
Ниеті бұзық, пейілі жат, тәкаппар, өзімшіл адамда шынайы Кішіпейілдік болмайды, көлгірлік, есепті жағымпаздық болады.
Кішіпейілдік жасынан тәрбие көріп, өнегелі отбасында өскен жасқа да, өзінен кішіні “ақылы асса аға қоятын”, “алды кең, арты кеніш” ұлағатты қарияға да тән. Үлкен мен кішінің достығы мен сыйластығының тіні – кішілік пен кісілік, арқауы – құрмет пен ізет.
Қонақтың қолына су құю – Кішіпейілдік, сырлы сұхбатта сөзді бөлмеу – көргенділік.
“Жақыныңды жаттай сыйла, жат жанынан түңілсін” дейтін халық мақалы әуелі өзіңді сыйлауды, ағайын-туыстың арасындағы сыйластықтың негізі – әдептілік пен Кішіпейілдікті жоймауды, досқа күлкі, дұшпанға таба болмауды көздейді.
https://kaz.365info.kz/mine-men-de-kep-khaldym-dimash-khydajbergen-korshisine-kirip-shykhty-foto-297383
Жақсы қасиетті қадірлеп қастерлей білетін қазақ халқы “Еңкейгенге – еңкей, ол атаңның құлы емес, шалқайғанға – шалқай, ол құдайдың ұлы емес”, – деп Кішіпейілдіктің үлгісі мен орнын да көрсеткен, “Ұлық болсаң – кішік бол” деп, ел билеген әкімнен халық алдында кішіреюді талап еткен, жөн білмейтін жосықсызға: “Атаңа не істесең алдыңа сол келер”, – деп ескерту жасаған», – деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында Димаш.
https://kaz.365info.kz/shymkentten-aperem-sabit-abdikhalykhov-dimashkha-kelin-tauyp-beretinin-ajtty-297879
Айта кетелік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Димаш Құдайбергеннің әкесі – филология ғылымдарының докторы Қанат Айтбаев “Тіл жанашыры” сыйлығымен марапатталған болатын. Бұл ретте біз өз жанымыздан қазақтың тағы бір тәлімді мақалын алға тарта отырып: “Әке көрген оқ жонар” деген осы” дегіміз келеді!