Талғар тас жолында Range Rover көлігі жол шетінде тұрған КамАзға бар жылдамдықпен соғылды, деп хабарлайды Қазақпарат.
Жол апаты Думан шағын ауданы тұсында болған. Соққыдан Range Rover көлігінің 29 жастағы жолаушысы сол жерде көз жұмды. Ал жүргізуші аса ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілді.