Ақтөбе облысында өртенген автобус Қазан қаласына бара жатқан. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жедел штабтың шұғыл желісін хабарлады.
“Автобус ОҚО Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылынан Ресей Федерациясы Қазан қаласына бара жатты. Ikarus автобусы. Қазақстандық мемлекеттік нөмірі бар”, – деді шұғыл желідегілер.
“Комиссияның құрамында ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев, денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой, инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр, Сыртқы істер министрлігі департаментінің директоры Ардақ Мәдиев, құқық қорғау органдарының өкілдері мен облыстық басқа органдарының өкілдері бар”, – деп хабарлады Алмас Сәдубаев.
Осыған дейін өртенген автобустың фото мен видеолары және аман қалғандардың аты-жөні жарияланған болатын. Еске сала кетейік, осыған дейін Ақтөбеде автобус өртеніп, 52 адамның қаза тапқаны жайлы хабарланған болатын. Ikarus маркалы автобустың 18 қаңтарда сағат 10:30-да Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында Самара – Шымкент тасжолының 1068 шақырымында Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде өртенгені айтылған еді. Автобустың ішінде 55 жолаушы және екі жүргізуші болған. Оның бесеуі автобустан шығып үлгерген.