Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Қазақстанда автобуста шыққан өрт кезінде Өзбекстан азаматтарының қаза табуына байланысты көңіл айтты.
Бұл туралы М.Чавушоглу Туиттердегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Trend агенттігі. М.Чавушоглу атап өткендей, ол қайғылы жағдайды естіп, қатты күйзелген.
«Мен бауырлас Қазақстан мен Өзбекстан халқына көңіл айтамын», – деп жазды Чавушоглу. Айта кетейік, бүгін 50-ден астам адам Қазақстанның Ақтөбе облысында жолаушылар автобусында шыққан өрт кезінде мерт болды. ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов өртке оранған автобустың жолаушылары арасында Өзбекстан азаматтарының болғанын атап өтті.