Әлеуметтік желіде Павлодардағы Затон ықшам ауданында азот диоксидінің шамадан тыс артып кеткені туралы хабар таралды.
Алайда метеорологтар бұл экология бекетіндегі ақауға байланысты бұрыс шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Павлодардың Затон ықшам ауданындағы экология бекеті жұмыс істемейді, ол қазір жөнделіп жатыр. Сондықтан желі арқылы тарап жатқан ақпараттар жалған. Бірақ прибордағы қате ақпарат AirKZ мобильдік қосымшасына тарап кеткен. Қосымша жұрттың бәріне бірдей қолжетімді болғандықтан жария болды», – дейді «Қазгидромет» РМК Павлодар облыстық филиалының қоршаған орта жағдайын бақылау зертханасының бастығы Алла Левина.
Айта кетейік, азот тотығы, әсіресе азот диоксиді – қаладағы атмосфералық ауаны ластайтын негізгі газдардың бірі.