Ресейдің Пермь өлкесінде екі адам мектепке шабуылдап, салдарынан сегіз оқушы мен мұғалім пышақ жарақатын алған, – деп хабарлайды РИА Новости Пермь өлкелік Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің баспасөз қызметшісіне сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқиға орнына Пермь өлкесінің губернаторы Максим Решетников пен Аймақтық қауіпсіздік министрлігінің қызметкерлері оқиға орнына аттанған. Оқиға №127 мектепте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.19-да болған.
“Екі қылмыскер бетперде киіп, мұғалім мен оқушыларға шабуыл жасаған. Қарулы шабуылдың салдарынан тоғыз адам зардап шекті: бір мұғалім мен сегіз оқушы”, – деді ол.