Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Еліміздің алты облысында жолдар жабылды

Қарағанды облысында барлық бағыт бойынша жол қозғалысы тоқтады.

Павлодар облысында барлық автокөлік түрі үшін барлық бағытта жол жабық.

Қостанай облысында облыстық маңыздағы “Арқалық-Торғай” (0-287 км), “Әулиекөл-Жолдама” (0-257 км) автожолдарының учаскесінде көліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысында “Астана-Петропавл” (0-341 км) А-1 автожолы учаскесінде, Солтүстік Қазақстан облысы шекарасынан Көкшетау бағытына шығатын жолаушылар көліктері үшін қозғалыс шектелді. Сондай-ақ, Айыртау, Ақжар, Ғ.Мүсірепов, Тайынша, Уәлиханов аудандарында автокөліктің барлық түрі үшін  облыстық маңыздағы тас жолдарда қозғалыс тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз