Баян Мақсатқызы шетелде демалып жүр. Бірақ, Алматыдағы кеңсесін уайымдауға тура келеді.
Себебі, өткен түні Мақсатқызының кеңсесіне әлдебіреу кіріп, барлық құжаттарды ұрлап кеткен көрінеді.
Бұл туралы продюсердің өзі желідегі парақшасында хабарлады.
https://kaz.365info.kz/800-gektar-zher-yshin-bayan-alagozovanyn-bayan-syludy-khalaj-tandap-algany-belgili-boldy-296854
Қанша уақытыңызды құртып, ең үздік аудиторларды шақырып, ақшаны босқа желге шашасыз. Мен адал жұмыс істеймін! Бұл қылмысқа тапсырыс бергендерді табу үшін бар күшімді саламын. Ерте ме, кеш пе – бәрі белгілі болады. Әлбетте, мен мұны кім істегенін сезіп те отырмын”, – деп жазды Баян.
Әдетте сурет астына пікірлерді шектеп қоятын Баян, осы жолы халық пікіріне жүгінейін дегендей. Желідегі қолданушылар да аталмыш оқиғаға байланысты өз көзқарастары мен пікірлерін білдіруде:
“Баян сіз әдетте пікірлерді шектеп қоятын едіңіз ғой! Өзің білсең, саған халықтың ойы неге керек, оған мүлде жүгінбейтін де едің. Соңғы оқиғаға байланысты барлығы Меруерттің істеген ісі деп ойлайды. Сен сондай арам адам екенсің! Меруерттің кінәлі екендігін естігің келіп тұр!”,”Бұл Меруерт!”, дейді желідегілер.
https://kaz.365info.kz/bayannyn-akesi-khyzymdy-korruptsioner-degenderdin-barin-sottatamyn-297150