Астана қаласы мен еліміздің төрт облысында ауа райының нашарлауына байланысты жолдар жабылды, деп хабарлайды “Қазақавтожол” РМК баспасөз қызметі.
Астанада 11 қаңтар сағат 01:00-ден бастап жел күшейіп, бұрқасын болып, жолдың нашар көрінуіне байланысты автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды.
Ақмола облысында 10 қаңтар сағат 21:30-дан бастап Екатеринбург — Алматы — 1275-1353 километрлер (Астанадан Қарағанды облысының шекарасына дейін),
Астана — Қорғалжын — 19-180 километрлер,
Астана — Ерейментау — Шідерті — 16-205 километрлер,
Қостанай — Әулиекөл — Сұрған — 232-260 километрлер,
Жақсы — Есіл — Бұзылық — 26-82 километрлер,
Астана — Қабанбай батыр —облыс шекарасы — 16-51 километрлер,
Астана — Петропавл — 18-293 километрлер (Астанадан Көкшетауға дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды.
Қарағанды облысында 10 қаңтар сағат 22:00-ден бастап Алматы — Екатеринбург — 1051-1142 километрлер (Теміртаудан Ақмола облысының шекарасына дейін),
Қызылорда — Павлодар — 433-749 километрлер (Жезқазғаннан Атасу елді мекеніне дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.
Қызылорда облысында 10 қаңтар сағат 23:00-ден бастап Самара — Шымкент — 1474-1240 километрлер (Әйтеке би елді мекенінен Ақтөбе облысының шекарасына дейін),
1630-1720 километрлер (Қорқыт мемориалынан Бұқарбай батыр аулына дейін) республикалық маңызы бар автожолдарда автокөліктің барлық түрі үшін жолдар жабылды.
Павлодар облысында 11 қаңтар сағат 00:43-тен бастап Астана — Шідерті — 205-259 километрлер (Шідерті аулынан Ақмола облысына дейін) автожолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды.