Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
17
USD
442
0.00
EUR
476
0.00
RUB
4.86
0.00

Жамбыл облысына жаңа әкім тағайындалды

Осыған дейін облыс әкімі қызметінде 2013 жылдың желтоқсан айынан бастап Көкірекбаев Кәрім Насбекұлы болған.

Еске салайық, 2017-жылы желтоқсанда Асқар Мырзахметов ҚР премьер-министрінің орынбасары және Ауыл шаруашылығы министрі қызметінен босатылды. 2016-жылдың мамырында Асқар Мырзахметов Мемлекет басшысының бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған болатын. Асқар Мырзахметов бұған дейін “Нұр Отан” партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған еді. 2009-2015 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болды. 2007-2009 жылдары “Оңтүстік” Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация” Ұлттық компаниясы” акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Сонымен қатар, әр жылдары Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі болды, 2005-2006 жылдары ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз