Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
9
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

«Ержан мені стройкада зорлады». Экс-депутаттан зорлық көрген қыз тағы да Назарбаевтан көмек сұрады (видео)

510

Елена Иванованың сөзін өзгертпей беріп отырмыз.

“Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, менің атым Елена Иванова. Мені қорғауыңызды сұраймын. Мен жалғызбын, тек әжем ғана бар. 16 жасымнан оқуымның ақысын өзім тауып келдім. Мен колледжге түстім. Жарқын болашақты, мансапта да жетістікке жетуді армандадым.

Бірақ 2017 жылдың 5 тамызында жұмыста жүргенде құрылыс иесі Скаков Ержан Оқанұлы мені зорлады. Оның жасы 53-те, бұрынғы депутат, нұротандық болған. Қазір “Өскемен құрылыс” құрылыс фирмасын басқарады. Сол күннен бастап менің болашағыма балта шабылды, сабаққа бармаймын. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қарауындамын, оқшаулау бөлмесінде жатқаныма 3 ай болды. Жасырын бөлмеде тұрамын.

Бұл іске қатысты куәгерлердің барлығы жалған ақпарат берді. Менің ойымша олар Скаковтың қысымына ұшырады. Себебі, біздің ауданда жұмыс жоқ. Сондықтан Скаков жалғыз жұмыс беруші. Көптеген адамдар өзгеріп кетті.

Вера тәте барлық шындықты білді, бірақ Скаковтан қорқып айтпады. Оның бірнеше ісі болған. Алаяқтық, ұрып-соғу, тіпті, адам өліміне күдікті. Оның көлік жүргізу құжты жоқ, бірақ көлік айдайды. Скаков Ержаннан зардап шеккен әйелдер бар. Оларды да зорлап, қудалаған. Кішкентай ауданда барлығы білінеді, оның ІІД қорғаушылары көп.

Зорлықтың құрбаны ретінде менің ісімді қайта қарауын сұраймын, себебі ШҚО тергеуіне сенбеймін. Мен ашық сот жүйесін талап етемін. Мен сот алдында ештеңе жасырмаймын. Барлық куәгерлер де заң алдында шындықты айтамын деп уәде беруін қалаймын.

Мен полиграфтан (өтірік детекторы) өтуге дайынмын және одан Скаков Ержанның ісіне қатысты куәгерлер мен тергеушілердің барлығы да өтсін. Менің ықпалды адамға қарсы шыққанымды қарап тек 5 тергеуші жүрді. Мен тіпті, ҰҚК бардым. Менің өтінішімді қабылдауларын тізерлеп тұрып сұрадым, бірақ онда да ештеңе істемеді.

Барлығы учаскеден басталды. Жұмыс біткенде маған ақшаны алсын деп келді. Аспаз Надя тәте де бірнеше рет хабарласып, ”Ақшаны ал” , деп айтты. Скаков оған күнде хабрасып, барып, менің ақшаға келіскен, келіспегенімді сұрайды”,-деді қыз.

Еске сала кетейік, ШҚО-да экс-депутат зорлады деп айыптаған қыз Назарбаевқа видеондеу жариялаған еді. Кейін “Не молчи” қорының жетекшісі экс-депутаттың атын атап, суретін жариялады.

ЕЛЕНА ИВАНОВА ОБРАЩАЕТСЯ К ПРЕЗИДЕНТУ РК С ПРОСЬБОЙ ВОЗОБНОВИТЬ РАССЛЕДОВАНИЕ В ОТКРЫТОМ РЕЖИМЕ, ЧТОБЫ СЛЕДСТВИЕ И СУД ШЛИ ОТКРЫТО! "Я, как жертва изнасилования, настаиваю на открытом процессе. Мне нечего скрывть!"

Gepostet von Dina Tansari am Montag, 8. Januar 2018

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз