Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-13
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Астаналық тұрғын Facebook-тегі жазбасы үшін жауапқа тартылды

111

Белгілі болғандай, 2017 жылдың маусым айында азамат К. «Мерседес» көлігімен арақашықтықты сақтамағандықтан азамат Б.-ның «Киа» көлігімен соқтығысқан. Салдарынан жол апатына айыпты деп танылған азамат К. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 611 бабы 2 бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылады.

Содан кейін 2017 жылы қыркүйек айында азамат К. Facebook-тегі парақшасында Б. деген азаматты «көлігін қасақана соғушы» деген жазбасын жариялаған.

Сол себепті азамат Б. ар-намысына тиген азамат сотқа К-ның үстінен арызданып, моральдық зиянды өндіруді талап етті.

«Арызданушының ар-намысына тиіп, моральдық зиян келтіргені үшін азамат К-дан өтемақы өндірілді. Сондай-ақ, сот айыпталушыны Facebook әлеуметтік желісіндегі жазбасын жоққа шығаруға міндеттеді. Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ», – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз