Павлодарда көшелердің бірінде мас күйінде ұйықтап қалған адамның ұялы телефоны мен жарты миллион теңгеден астам ақшасын қайтарып берген тәртіп сақшысы алғысқа ие болды.
Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Рavlodarnews.kz хабарлады.
– Жаңа жыл қарсаңында Успен ауданының тұрғыны ішімдік ішіп, Қайырбаев көшесі маңындағы дүкендердің бірінің жанында ұйықтап қалған, – деді баспасөз қызметінде.
Кейін 845 000 теңге және құжаттар қолхат жазу арқылы қызына тапсырылды. Өз кезегінде 62 жастағы аудан тұрғыны полиция капитаны Қайрат Қайырбековке алғысын білдірді.