Нұр-Сұлтан
Қазір
-14
Ертең
-5
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

Төреғали неге жылады? (видео)

103

 

“Сынап та, сыбап та алып жатсыздар. Ол мен үшін жігерлендіру болды. Сіздердей қолдайтын халқым, қорғайтын Алла барда мен еңсемді тіктеп ұстап жүрмеуге ешқандай хақым жоқ деп ойлаймын, ағайын! Қазақта: “Өзінің туған жерінің тасына сүрінгенімен, ер жігттің аяғы ақсамайды” деген сөз бар. Мұның бәрі мен үшін үлкен сабақ болды. Бұлттан биік болсам да, ұлттан биік емеспін, ағайын! Кем-кетігім болса еркелігім деп, балалығым болса шалалығым деп қабылдарсыздар. Мен сіздерді жақсы көремін”, – деген Төреғалидың сөзіне халық қол шапалақтап, қолдау көрсетті.

Елдің қошеметінен кейін өзін сенімді сезіне бастаған Төреш: “Кешіріңіздер. Бірақ кешіріп қойған сияқтысыздар”, – деп күлді.

“Жаным, ағайын, мен сіздерді қатты жақсы көремін. Оны сөзбен растап, ақталмай-ақ, жүректеріңіз сезеді деп ойлаймын. Тағы да ән сұрап отырғандарыңыздан айналайын”, – деп сөзін жалғаған Төреғали бұдан кейін “Ақиқат” атты авторлық әнін шырқады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз