Алматы облысындағы республикалық маңызға ие трассаларда көлік қозғалысына шектеу қойылып, жолдар жабылды.
Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің Алматы облысындағы департаменті хабарлады.
„2017 жылдың 25-желтоқсанында сағат 19-30 уақытында қар аралас жаңбыр жауып, кейіннен ауа температурасының 7 градусқа дейін аяздауына байланысты республикалық маңызға ие Алматы-Өскемен трассасының 558 шақырымынан 615 шақырымына дейінгі аралықта жолаушылар және жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды„ – делінеді арнайы хабарламада.