АҚШ-тың Флорида штатында бірнеше турист мінген қайыққа қолтырауын секірді. Осы оқиға видеоға түсіп қалды, дейді kaz.tengrinews.kz.
Кішігірім катер өзен жағалауындағы лайға тұрып қалған. Дәл сол жерде аллигатор жатқан екен.
Саяхатшылардың бірі сол сәттерді видеоға түсіріп тұрғанда қолтырауын күтпеген жерден қайыққа секірді.
Қайықтағылардың зәресі ұшты, бірақ жыртқыш бірер секундтан соң қайтадан суға секіреді.
https://youtu.be/Db6MOgfoJJU