Атырау жұртшылығына кеңінен танымал прокуратура саласында көп жылдар еңбек еткен Əйтенова Райхан апамыз “Иманғали “мешітіне ата-бабасының рухына Құран оқытып,дұға бағыштауға келген. Мешіт қызметкері Сарсемалиев Кенжетай басыңызда орамал жоқ деп апамызды қабылдамай қойған.
Райхан Катимқызының бас имамға шағым түсірем, бұл не деген дөрекілік?–мешіт қызметкерлерінде сыпайылылық пен жұмсақ мінез-құлық болушы еді деген уəжіне əлгі Кенжетай ағамыз баратын жеріңе бар,сен сияқты құқық қорғау органдары мен билік қыздарымызды орамалмен мектепке кіргізбей жатыр, олай болса мен сені орамалсыз қабылдамаймын жəне дұға оқымаймын деген екен.
Пенсиядағы прокурор апамыз намысқа салып қанша арызданса да, мемлекеттік органдар – дін мемлекеттен бөлек, мешіттің ішкі тəртібі мен ережесіне ықпал ете алмаймыз дейтін көрінеді.
Имамдар мен мүфтияттың орамал дауына байланысты контршаралары қаншалықты тиімді оны уақыттың еншісіне қалдыралық…
Айгүл Орынбек
Фейсбуктегі парақшасынан
https://kaz.365info.kz/onyn-sozi-bokhpen-ten-ajgyl-orynbek-tazabekovke-tagy-tiisti-me-282971