Маңғыстау облыстық ішкі істер басқармасының басшысы ауысты. Жаңа қызметке полиция полковнигі Қанат Таймерденов келді.
Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
“22-желтоқсанда ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қызметіне Қанат Таймерденов Даниярұлы тағайындалды.ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Жанат Сүлейменовтің өзі жаңа бастықты қызметтестерімен таныстырды “, – делінеді баспасөз баянында.