Ақбота Сейітмағамбетпен түсірілім алаңында көңіл жарастырған Дәурен Айдарқұловтың енді жаңа түсірілімдері басталды. Енді Ақботаның орнына, Әсел Сәдуақасова.
Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында айтылды.
Дәурен мен Әселді отбасылық одаққа айналдырған Асқар Бисембин! Режиссердың кезекті картинасында олар ерлі-зайыптылардың рөлін сомдайды.
“Алғашқыда басты рөлдегі жігітке Кенталды таңдаған едік. Сәл уақыттан кейін, сценарийді қайта жазып Айдарқұловты бекіттік. Өйткені, Дәуреннің бұл орбазды сәтті сомдап шығатынына күмәнім болмады”, – дейді режиссер Асқар Бисембин.
Сондай-ақ, актерлық құрамды Сая Оразғалиева, Айнұр Ілиясова, Жан Байжанбаев және Марат Достаев сынды өнерпаздар толықтырған. Мәселен, томпақ жігітке өзі күтпеген кейіпкер бұйырыпты.
«Мачо» деп жатады ғой. Қыздардың жүрегін жаулап алушы. Сондайлардың рөлін ойнаймын. Жұрттар: «Өййй, мынаның қай жері «мачо» деп айтатын шығар. Кино да енді сонысымен қызық қой”, – дейді актер Марат Достаев.
«Развод по-казахски!» Фильмнің уақытша атауы, бірден дәм-тұзы жараспаған жанұяны көз алдыңызға елестетеді. Алайда, Асқар кезекті картинасында ақшаға құныққан алаяқтардың түрлі әдіс-тәсілін әзіл арқылы көрсетпек.
«Развод по-казахски» деген мысалы біреуге ақша береді, ол ақша жетпей қалады. Міне, бізге «развод жасап кетті» дейді. Сол сияқты нәрсе ғой ол”, – дейді Марат Достаев.
Комедия келер жылдың көктемінде қалың көпшілікке ұсынылмақ.