Қайрат Түнтеков “Хабар” арнасындағы “Тікелей эфир” бағдарламасында өзінің төрт жыл бойы қайда болғанын айтты, деп хабарлайды Today.kz.
“Тіршілігімді жасап жүрдім. Әрбір адам тіршілігін жасауы керек қой. Өнерге деген құлшынысым да азайып кетті. Төрт жыл бойы спортпен айналыстым”, – деді Түнтеков.
Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Түнтеков 2013 жылы Toyota Camry 40 автокөлігін тізгіндеп келе жатып Toyota Land Cruiser 100 көлігін соққан болатын. Көлік ішіндегі қыз миы шайқалып, көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Қайрат Түнтеков 40 күн абақтыға жабылып, жәбірленушінің шығынын төледі. Содан бері үлкен сахналардан көрінбей кеткен әнші араға төрт жыл салып өнерге қайта оралды. Қазіргі таңда 31 арнадағы “I am a singer Kazakhstan” шоуына қатысып жатыр.