Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-10
USD
515
-0.96
EUR
537
-0.28
RUB
5.18
+0.01

ЭКСПО-ны салған құрылысшылар жалақыларын әлі алмапты

“Симбол” компаниясы кеңсесіне бұл жігіттер дүрілдеген ЭКСПО көрмесі біткелі күнде келетін болған. Айтуларынша, ЭКСПО-ның шар іспеттес ғимараты мен Конгрес холына тас төсеп шыққан жүз шақты жұмысшының алашағы 40 миллион теңге. Құрылыс аяқталғанша, тыным бермеген мердігер мен субмердігер еңбекақымызды төлер кезде бір біріне сілтеп қашып жүр дейді.

“Істедік біз. Таңертең түнімен. Сондағы еңбекақымызды ала алмай. Есіктерін жауып тастаған. Әр келгенде осындай”, – дейді  жұмысшы Ғалымжан Рахматолла.

Тәулік бойы тыным көрмеген жігіттер ЭКСПО ғимаратын тезірек бітіріп, шетелдіктердің алдында ұятқа қалмас үшін аянбадық деп отыр. Мердігер компания басшылары алдымен халықаралық шара кезінде шу шығармаңдар деп тоқтатып, ЭКСПО өткесін жалақыларыңды түгел береміз деген уәде беріпті. Алайда, көрмені өткізіп алғаннан кейін бас мердігер мен қосалқы компания өкілдері бір біріне сілтеп, еңбекақының 10 пайызын ғана төлеуге үгіттей бастады дейді жұмысшылар…

“Менің бригадама 41 млн қарыз. Олар маған 10 млн шығарып тұр. Біреуіне 100 мың, елу мың шығарып тұр”, – дейді жұмысшы Сәбит Әбдікәрімов.

Жұмысшыларға алдымен есігін іліп алып, артынша қарызды қайтарамыз деп шақырып алған түрік компаниясы өкілдері тілшілерден тығылып шықпай қойды. Жалақысын даулап келген жұмысшыларға жауап айтуға да жарамаған басшылары жылы жерде шәй ішіп отырды. Ал Астананың аязынан жылынуды ғана сұраған жігіттерді күзетшілер мәжбүрлеп қуып шықты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз