Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-10
USD
499
+0.04
EUR
525
+1.44
RUB
4.75
-0.06

16 желтоқсан күні Астанада қоғамдық көлікпен жүру тегін болады

Сонымен қатар ол 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күнінің құрметіне елорда тұрғындары мен қонақтары қоғамдық көліктермен тегін жүретінін хабарлады. Сондай-ақ кеңес барысында Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Бақтыбай Тайталиев қала көшелерін түнгі мезгілде жарықтандыру мен сыртқы жарнаманы орналастыратын орын ретінде ғимараттар мен үйлердің төбелерін пайдалануды ұсынды.

Оның айтуынша, архитектуралық жарықтандырудың бірыңғай орталығын құру қажет және ол қашықтан басқарылуы тиіс.

Бұдан бөлек, Астана әкімі Әсет Исекешевке қала көшелерін қардан тазалау шаралары мен жылыту маусымының барысы, МЖӘ, Смарт-сити жобаларының жүзеге асуы, жанар-жағар май мен көмір нарығындағы қазіргі жағдай, «Сергек» бейне-бақылау камераларының жұмысы, бюджет қаражатының игерілуі және нысандардың қауіпсіздігі туралы баяндалды.

Өз кезегінде, Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасының басшысы Сабыр Жүсіпов елордадағы криминогендік жағдайдың тұрақты екендігін жеткізді. «Қаладағы жалпы жағдай тұрақты. Өткен аптада әкімшілік жауапкершілікке 157 шетелдік, 13 ҚР-ның азаматы тартылды. Елден 30 шетелдік азамат шығарылды.

Қабылдау-тарату орнына 20 шетелдік қамалды. 101 жүргізуші Вus Lane жолағымен жүргені үшін айыппұл төлеуге кесілсе, қоғамдық көліктің 18 жүргізушісі мен 1 такси жүргізушісі жолда жүру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», – деп мәлімдеді Сабыр Жүсіпов.

Отырыс барысында, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы да сөз болды. Астана қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Ермолдина мәлім еткендей, тұрақтандыру қорына қанттың 1500 тоннасы, күріш пен қарақұмық жармасының 500 тоннасы және картоптың 300 тоннасы сатып алынды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз