Қазақстандағы бірнеше жағармай құю бекеттері халық ең көп тұтынатын Аи-92 маркалы бензин бағасын арзандатты,-деп жазды Stan.kz.
Бұл ақпарат ресми сайтта тарады. . Royal Petrol жағармайдың осы түрін 157 теңгеден сатса, Sinooil – 158 теңгеге дейін арзандатқан
Ал «ҚазМұнайГаз» бекетінде 161 теңгеден сатылып жатыр. Нelios – 162 теңгеден.
Яғни, литрін 157-158 теңгеге саудалауда. Таразда да баға өзгерген. Бұл Бозымбаевтың болжамы тура келді деген сөз. Естеріңізге салсақ, Энергетика министрі желтоқсан айының басында жанармай арзандайды деп барша жұртты сендіріп баққан.
Алайда, оның артынша іле-шала «Қазмұнайгаз»-дың білдей вице-президенті Данияр Тиесов бензин бір тиынға да төмендемейді деп министрдің мәлімдемесінің жоққа шығарған еді. Сондағы топ-менеджер бағаны арзандатсақ, отынды көрші елдер талап әкетеді дегенді желеу қылған.
Соған қарағанда, күзде бензин бағасы негізсіз көтерілген деген күдік бар. Дегенмен, оған қатысты бағаның өсуін қалайтын мұнай компаниялары әзірге жақ ашпай отыр. Есесіне, жүргізушілер әжептеуір қуанып қалды.