Шымкентте жүк көлігі газ құбырын қағып кетіп, салдарынан 400 үй газсыз қалды, деп жазады “Отырар” жергілікті басылымы.
Жол апаты 11 желтоқсанда 19:40-та Желтоқсан және Белинский көшелерінің қиылысында болды. Апаттық-жөндеу жұмыстары түні бойы жүргізілген.
Қала әкімдігі мен “ҚазТрансГаз Аймақ” компаниясы төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 400 үйдің тұрғындарына газды өшірткізген. Газ құбыры жөнделген бойда халыққа хабар беріледі.