Алматыда әпкелі-сіңлілі екеуді өлтірді деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды.
Қайғылы оқиға бұдан екі-үш күн бұрын болған деп хабарлады қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Полициядағылардың келтірген дерегіне сүйенсек, қылмыс бәрі бірге ішімдік ішкен кезде жасалған. Әйелдермен жанжалдасқан азамат ашумен екеуін де пышақтап тастайды. Оқиға кезінде тағы бір азамат қатты жарақаттанған. Зардап шеккен жәбірленуші қазір ауруханада жатыр.
– Азаптап өлтіріп, іш құрылыстарының бәрін сыртқа шығарды деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Бұл дабыра ел арасында тарап кеткен жәй сыбыс, ол еш шындыққа жанаспайтын бейресми мәлімет, – деді қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбек