Тайжанның сөзіне талас жоқ. Талай дәлелдеген. Сөзімен де, ісімен де. Ұлтшыл атанғаны да содан. Бұл бүлік сөз емес. Басқалар немесе бөгделер мағынасын бұзып жіберген тек.
Саясаттанушы Айдос Сарымның сөзі бар. “Бізді “нацпат” дегені ұлтшыл дегендері емес. Социопат, психопат дегенге теңестіргені. Дерті бар, ауытқуы бар адаммен салыстырғаны. Сонау Қызыл империя тұсынан сүтке сіңген, санада сақталған теңеу. Көрдіңіздер ме?”, – дейді Сарым.
https://kaz.365info.kz/m-htar-tajzhan-resej-zinen-lsizder-men-kishilerge-ana-k-shi-zhetetin-el-214176
“Бір кездері бізді жазғырған еді. “Ұлтшыл, ұлтшылдықтың жолында жүр” деп. Ресейшілдер, орысқұлдар осылай көкіген-тұғын.
Ұлтшыл деп айыптай отыра біздің кімге, неге қарсы шыққанымызды аңдағысы келмеген. Біз неге қарсы шықтық? Біз кімге қарсы сөйледік? Біздің ұлтшылдықтың ұстанымы неге негізделді?
Бірінші. Біз Кедендік одаққа кейіннен Еуразиялық одаққа қосылуға қарсы шықтық. Қарсы сөйледік. Билік тыңдады ма мұны? Құлақ асты ма бұған? Омақаса құлады, ақыры. Қазақстан экономикасына қандай кесірін тигізгенін енді аңдап жатыр. Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, тауаралмасудың құлдырауы соның айғағы.
Екінші. Біз Ресей полигондары мен гептилге қарсы шықтық. Ресейшілдер, орысқұлдар осқырынды. Бізді жаманатты қылмаққа тырысты. Тегі гептилдің зияны тек қазаққа тиетін болса керек. Біздің ұлтшыл атанғанымыза да содан болса керек…
https://kaz.365info.kz/khajrattyn-kinosyndagy-shyndykh-zorlangan-khyzdyn-mamandygy-mygalim-nege-286586
Үшінші. Украинаны ақтап шықтық. Жақтап шықтық. Бұл елдің біртұтас болғанын қолдадық. Біздің ғана емес, анығында ақыл-есі дұрыс дүйім дүниенің ұстанымы еді бұл.
Төртінші. Жеңістің белгісі деп желеулететін – Георги лентасына қарсы шықтық. Өтірік. Ойдан шығарылған аңыз еді бұл. Украинадағы сепаратистер символы бұл, анығында. Донецкі мен Луганскіні қанға бөктірген, бөктіріп жатқан жікшілдердің төсінде жүр қазір. Мұны Жеңістің белгісі деуге кімнің дәті барды екен?..
Бесінші.
Жерді шетелдіктерге сатуға қарсы шықтық.
Басқан ізімізді аңдып отыратын ресейшілдер, орысқұлдар тағысын тағылар тасада қалды бұл жолы. Жұмған аузын ашқан жоқ. Қазақстанның жері тек “нацпаттарға” керек екен, түсінгеніміз.
Алтыншы. Үштілділікті енгізуге үзілді-кесілді қарсы шықтық. Тағы да айыптады. Ұлтшыл деп…Біз туралы әр тұсқа сөз тасыды әлгіндейлер. Әзір маған Білім министрлігінен арашалауды сұрап арыз хат жазатын орыстардың санында есеп жоқ. Күні кеше депутат Смирнова біз осыдан 1,5 жарым жыл бұрын көтерген мәселені Мәжіліс мінберінде сөз етті.
https://kaz.365info.kz/baha-festival-kim-edi-239689
Солай. Тоқ етері:
“нацпаттарға” құлақ асыңыздар. Біз сізге да, басқаға да жау емеспіз. Дұрыс дүние айтамыз. Өкініштісі, көздеріңіз кеш жетеді бұған. Билік пен орыстілді қауым ұлтшылдар айтқан дүниенің дұрыстығын арада 1,5-2 жыл өткесін барып бірақ ұғынады.
Біз өзгерген жоқпыз. Өзгермейміз де. Сіздер өзгеріп жатырсыздар, есесіне. Бір кездегі біз айтқан ойға қонымды, ақылға сыйымды ұсыныстар сіздерге тым радикалды, тым ұлтшыл көрінбейді қазір. Біз әуелде дұрыс айтқан едік, себебі…
Дайындаған, Думан БЫҚАЙ