Елбасы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, жас ғалым Зарина Сауытбаеваның дарындылығын жоғары бағалады.
Нұрсұлтан Назарбаев жас ғалым Зарина Сауытбаеваның Астанадағы онкологиялық орталықты басқаруға шамасы жететінін айтты.
«Қазір әлем халқы қатерлі дертті зерттеуде. Мен үнемі медицинан бақылап жүрем. Сарапшылар 2040 жылы қатерлі дерттен айықтыратын ем шығатынын айтады. Қазақстанды мұны қолға алуға барлық мүмкіндік бар. Қазір менің бұйрығыммен ғылыми онкологиялық орталық құрылып жатыр. Сен соған жетекші болуға дайын мамансың», – деді елбасы.
«Зерттеу тобымыз қатерлі дертті тудыратын ақуыздарды зерттедік. Бұл менің дипломдық жұмысымның тақырыбы. Қостанайда жазғы демалыс кезінде онкологиялық диспансерде тәжірибеден өттім. Мұның бәрі оңай болған жоқ. Бірақ дәл қазір ештеңе жасай алмағанымен, уақыт өте келе нәтиже шығатынын білем», – дейді жас ғалым.
Айтуынша, ол Қазақстанға келгелі халықаралық ұйымның мүшесі болған. сонымен қатар Гарвардтағы медициналық мектептің стипендиясын ұтып алған.