Yahoo компаниясына қарсы кибершабуылдар жасады деп айыпталған Қазақстан тумасы Карим Баратов Сан-Франциско сотында өз кінәсін мойындады.
Бұл туралы АҚШ Әділет министрлігінің сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылады, – деп хабарлайды РИА Новости.
Басылымның мәліметінше, Баратовқа қатысты сот үкімі 20 ақпанға белгіленген сот отырысында шығады.
Еске сала кетейік, Қазақстанның 22 жастағы тумасы биыл наурыз айында қамауға алынып, ҚР СІМ өкілдерінің мәлімдеме жасағаны туралы хабарланған болатын. Ведомство өкілдері Баратовтың Қазақстан азаматы емес екенін мәлімдеді. Себебі, кейбір БАҚ-тар оны Қазақстан азаматы деп жатыр екен.
Сондай-ақ, Баратовтың әлеуметтік желілердегі парақшаларынан оған тиесілі жоғары класстағы қымбат көліктерді – Mercedes, BMW, Aston Martin, көк түсті Lamborghini мен қара түсті Porsche көліктерін көруге болады