Бұрынғы мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров Астанадағы жылы аялдамаға қоныстанған үй-күйсіз адамдардың суретін желіге жүктеді, деп хабарлайды Today.kz.
“Экспо бітті. Қаңғыбас адамдар қайтып оралды”, – деп жазды ол.
Естеріңізге салайық, бұл аялдаманың құны шамамен 10 миллион теңгені құрайды.
Үй-күйсіз адамдардың жылы аялдамада түнеуі бұрын да талқыланған болатын. Жергілікті полиция ондай адамдарды көргендер болса, “102” нөміріне қоңырау шалуын өтінген.
Түнде Астанада ауа температурасы -13 градус болды.