Татарстанның Альметьевск қаласында ер адам 2015-2016 жылдары 51 қыз бала мен 5 ұлды зорлағаны анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru-ға сілтеме жасап.
Ер адам әлеуметтік желілердің бірінен екі түрлі парақша ашқан. Бірінде 11 жастағы қыз баланың атынан, екіншісінде 14 жастағы ұл баланың атынан тіркелген. Сөйтіп, ол әлеуметтік желіде балалармен танысқан соң әдепсіз суреттер мен видео түсіріп, жіберуді сұраған.
«Бір сурет алғаннан кейін ол тағы да сондай суреттер жіберуін немесе кездесуді талап етіп отырған. Егер жібермесе, суреттерді көпшілікке жариялаймын деп қорқытқан. Кездесу кезінде оларға сексуалдық сипатта зорлық жасаған. Барлығы 56 баланы зорлағаны анықталды», – деп жазылған РФ ТК хабарламасында.
Содан кейін полицейлер педофилді ұстаған. Оның пәтерін тінту кезінде порнаграфиялық мазмұндағы көптеген материалдар тәркіленді.
Педофил сексуалдық сипаттағы 96 іске қатысы бар деп айыпталуда.