Бүгінде Ақботаның атағы аспандап тұрғанымен, бикеш жұлдызды мерекелік кештерде жиі бой көрсетпейді. Тіпті, шоу-бизнестегі әріптестерімен де қарым-қатынасы көңіл қуантарлықтай емес деседі… Неге?!
Бұл сұраққа Ақботаның өзі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасында жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz.
“Құлақ тыныш болсын дейтін шығармын.
Қалжың! Босанған соң шоу-бизнестің отырыстарында көп болмаймын. Өзім енді ғана шығып жатырмын. Таңнан кешке дейін баламды біреудің қолына беріп қоя алмаймын. Сондықтан өзімді ондай іс-шаралардан тыюға тура келеді”, – дейді Ақбота.
Ақботаның әріптестерімен арасы алшақтағанымен, жас ананы өмірдегі достары әрдайым демеп отырады екен. Сондықтан болар, тағдырдың түрлі сынағынан ерте ысылған талантты қыз, қиын кезде жанынан табылған құрбыларына дән риза!
“Шоу-бизнестен қарағанда өмірдегі достарым көп қолдайды. Көмек көрсетеді. Қиналғанда жанымнан табылады”, – дейді Ақбота.
Отандық шоу-бизнесте де достары жоқ емес! Бірақ, Сейітмағамбеттің сөзіне сенсек санаулы ғана сияқты.
«Кешью» тобындағы Балжан, Жұлдыз, Ержан, Әли. Айта берсем көп”, – деп бөлісті Ақбота.
Айтпақшы, декреттік демалыстан кейін Ақбота әншілік мансабын қайта қолға алатынын айтқан-ды! Бірақ, бұл сертін орындауға келгенде көңілі салғырттық танытып жүрген сыңайлы.
“Өзімнің жеке өмірімде біраз өзгерістер болған соң, ән де, бейнебаян да жайында қалды. Көңіл-күйіме қарай ғой бәрі. Көңіл-күйім қалыпқа түсіп, шабытым оянған кезде бейнебаяным да, жаңа әндерім де қатарынан шығады деген ойдамын”, – дейді Ақбота.