Ресей президенті Владимир Путин Сочидегі баспасөз мәслихаты кезінде Түркия мемлекет басшысы Режеп Тайып Ердоған отырған орындықты абайсызда құлатып алды.
Сочиде Иран, Ресей және Түркия мемлекет басшылары – Хасан Роухани, Владимир Путин және Режеп Тайып Ердоған арасында үшжақты келіссөз жүргізіліп, соның нәтижесінде президенттер Сирия бойынша бірлескен мәлімдеме жасады.