Әлем таныған Димаш Құдайберген танымал продюсер Уолтер Афанасьеффтың үйінде қонақта болды.
Бұл туралы әншінің өзі инстаграмдағы жеке парақшасында хабарлады.
“Америка, Лос-Анджелес. Аты аңызға айналған композитор Уолтер Афанасьеффтың үйінен эксклюзивті кадрлар. Мен бұл адамның қарапайымдылығы мен дарындылығына таң қалам. Үйіңізге қонақ қылып шақырғаныңызға рахмет. Видеода мен өмір бойы армандап жүрген Грэмми статуэткалары”, деп жазған Димаш.
https://kaz.365info.kz/gollivudtyn-sylkhymy-armanyna-zhetti-dimashpen-bi-bilep-kholynan-ystady-video-262375
Айта кетейік, Уолтер Афанасьефф- танымал продюсер, екі “Грэмми” статуэткаларының иегері. Ол көптеген танымал әншілермен жұмыс істеген. Олардың ішінде: Майкл Джексон, Кристина Агилера, Дестинис Чайлд, Рикки Мартин, Лара Фабиан және тағы басқалары бар. Негізінен Димаш жарқ еткенде оған көзі түсіп, кездескісі келіп, тіпті кездесіп жатқан голливудтықтар жетерлік. Әрине, олар Димашты үлкен шоу-бизнес әлеміне алып шығып, өкіртіп табыс тапқысы келтені бесенеден белгілі ғой. Димаш та кет әрі болмас еді. Бірақ, біздіңше олардың алдын Қытай орап кеткен секілді. Ол жақтағы келісімшарттардың мерзімі бітпейінше Димашқа әзірге Голливудты уақытша ұмыта тұруға тура келе ме деп ойлаймыз. Қалай дегенмен де шын таланттар жерде жатпайды. Сондықтан да оның аяғын қазір жерге тигізбей тұр. Аман болса жерлесімізді әлі Голливуд биігінен көреміз деп сенеміз. Енді атақты Майкл Джексонның продюсері өзі Димашты қолқалап жатса, бұл үлкен абырой емес пе?
Димаш Құдайберген өзінің алғашқы әлемдік турнесіне аттанған еді. Жақында Лос-Анджелесте қазақстандық танымал пианист бүлдіршін Софи Манасянмен кездескен болатын.