Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулинді қабылдады, – деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысына заң жобалау жұмыстары жоспарын орындау аясындағы Парламенттің төменгі палатасының үшінші сессия кезеңіндегі қызметінің қорытындылары жөнінде мәлімдеді.
“Мәжіліс 24 заң жобасын, соның ішінде үшжылдық бюджетті, салық, әкімшілік және кеден кодекстерін, бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңды қабылдады. Осылайша, заң жобаларының барлық топтамасы Сенатқа жолданды”, – деді Нұрлан Нығматулин.