Қайрат Нұртастың жары “Арман” фильмі жарыққа шықаннан кейін үй шаруасындағы өмірімен қош айтысқан сияқты.
Қазірде Жұлдыз Әбдікәрімова жары Қайратпен және енесі Гүлзира Айдарбековамен бірге түрлі кештерден қалмайтын болған.
Сонымен қатар, Әбдікәрімова болашақта да актрисалық бағытта өзін сынап көрмек.
Әлі кино түсіріліміне ұсыныстар түспесе де, Жұлдыз уақытын босқа өткізіп жатқан жоқ. Әйелдерге арналған киімдерді жарнамалап, түрлі фототүсірілімдерге қатысып жүр.
Естеріңізге сала кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова Жүргенов атындағы өнер академиясының түлегі. 2007 жылы тұрмысқа шықаннан соң, бар уақытын бала тәрбиесі мен үй жұмыстарына бөлген.