27 қарашадан бастап автомектептерде интернет арқылы оқуға болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті.
«Мұндай мүмкіндікке A, B және A1, B1 санаттары бойынша жүргізуші куәлігін алғысы келетін жүргізушілерге үміткерлер ие болады», – делінген ведомствоның Facebook-тегі хабарламасында.
Жүргізушілерді оқытуға арналған жаңа оқыту жүйесі енгізілді, онда қашықтан оқыту технологиясы қолданыла отырып, дәстүрлі түрде өткізіледі.
«Жүргізушілерді дайындаумен айналысатын ұйымдар өздерінің жеке білім беру сайттары арқылы сабақты видеосабақтар, скайп-сабақтар және басқа да интерактивті форманың көмегімен теорияны онлайн оқыта алады.
Автомектептер теориядан емтихандарды да онлайн-режимде қабылдайды. Теориялық және практикалық емтхандарды сәтті тапсырған білім алушылар автомектепті бітіргенін растайтын құжаттар ала алады.