Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
7
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

Жекеден мемлекетке өткен Қызылағаш су қоймасы қалпына келтіріліп жатыр

Бұзылған су бөгетінің құрылысына республикалық бюджеттен 5 млрд 600 млн теңгеден астам қаржы бөлінген. Жоба бойынша құрылыс жұмыстары 2019 жылы аяқталуы тиіс.

Қызылағаш су қоймасындағы жаңа бөгеттің биіктігі – 55, ені 2 метр болады. Бұл темір бетоннан салынатын бөлігі ғана. Жан-жағы таспен нығайтылып, арасына сұйытылған цемент құйылады. Сол арқылы жаңа нысанның беріктігі мен бекемдігі арта түседі. Ал су жіберетін негізгі тоннельдің құрылысы жақында аяқталады.

Нұрлан Тоқбергенов, учаске басшысы:

– Мына тоннельдің құрылысы желтоқсан айының басында бітуі керек. Судың арнасын соның ішіне бұрамыз. Апаттық су ағызғыштың жұмыстары да желтоқсан айында бітуі керек.

Қызылағаш су қоймасына 42 млн текше метр су сыяды. Оның жалпы аумағы – 337 гектар. Өзен бойынан салынып жатқан су реттегіштің құрылысы көктемде аяқталады. Ол 7 мың гектар егіс алқабын суландыруға мүмкіндік береді.

Бекділдә Әтеев, мердігер компания өкілі:

– Бұл су торабы реттегішінің су беру қабілеттілігі секундына 200-300 текше метр. 7 мың гектар су алқабын суландыруға арналған. Құрылыс нысанында 50 адам жұмыс істеп жатыр. 30-40 техника бар. 7 мың текше темір бетон жұмыстарын атқарамыз.

Сәуле Әмитова, Қызылағаш ауылының әкімі:

– Бізде 163 жеке қожалық шаруашылығы бар. Оның ішінде 50 пайызы жермен айналысады. 50 пайызы малмен. Биыл қызылша салдық, бірақ судың аз болуынан өнімді азырақ алдық.

Бұл мәселе алдағы жылы түбегейлі шешіліп, Қызылағаштағы суармалы жерлерге тегіс су барады. Өңірдегі шаруа қожалықтары өткен жылы 5 200, ал биыл 3 300 тонна қызылша жинады. Су қоймасы іске қосылса, ауыл тұрғындары жер игеріп, жағдайын дұрыстауға мүмкіндік алады. Сол арқылы жаңа жұмыс орындары да көптеп ашылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз