2019 жылдан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға дейін көбейеді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар комитетінің төраға орынбасары Қайрат Үстеміров мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Статистика бойынша ауыл, орман, балық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің ең төмен жалақы алатынын білесіздер. Орман шаруашылығымен айналысатындарға келетін болсақ жалақылары 30-40 мың теңгенің айналасында. Мыңдаған гектар жерге қарайтын Ұлттық парк директорының өзі 80 мың теңге алады. Бірінші кезекте бұл мәселені шешу үшін 2019 жылдан бастап осы саладағы қызметкерлердің жалақысын 25 пайызға дейін көтеруді қолға алып жатырмыз. Біліктілік талап ететін боламыз. Бұл да жалақыны 40 пайызға дейін көбейтуге әсер етпек», – деді Қайрат Үстеміров.