Вашингтондағы Аллен ми зерттеу институтының ғалымдары адам миының қартаюы мен когнитив мүмкіндіктерінің төмендеуі қантамырларына шытыра мен нейрофибриллярлық түйіндердің жиналып қалуынан және гендердің белсенділігінің төмендеуінен болатынын анықтады, – деп хабарлайды Lenta.ru.
Ғалымдар 65 пен 90 жас аралығындағы 107 егде адамның миына сараптама жасаған. Жүйке тіндерін тиофлавин Т бояуы арқылы сары түсті ету арқылы олар – Альцгеймер сырқатының дамуына байланысты болатын амилоидты шытыраның көптеп жиналатынын байқаған. Олардың жиналуы ақыл-естің жоғалуымен байланысты болып шыққан, дегенмен, шытыраның жиналуы үнемі ақыл-естің жоғалуына алып келмейді.