Көшенің жаңа атауы 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай ілінетін болады,-деп жазды Sputnik.
Павлодарда депутаттардың басым көпшілігі дауыс беріп, қаладағы Ленин көшесінің атауы Астана болып өзгертілді.
Бұл шешімді 21 қарашада Павлодар қалалық мәслихатында қабылдаған, енді ономастикалық комиссияға жіберіледі.
Көше атауларын өзгертуге жарияланған мораторийдің мерзімі аяқталғандықтан, қалалық әкімдік депутаттардан осы өтінішті қарастыруды сұрайды.
Мәселені қоғамдық талқылау кезінде қатысушылардың пікірлері қарама-қайшы келді. Біразы Лениннің есімін ұмытпауымыз керек деп, тіпті осыған қатысты референдум өткізуді ұсынды. Қалғандары еліміз жаңа бағытта дамуы тиіс дегенді алға тартқан.
Дегенмен қалалық мәслихат кезінде дауыс берушілердің басым көпшілігі Ленин көшесінің атауын Астана деп ауыстыруды қолдады. Депутаттардың бірі Мақсат Айтышевтің хабарлауынша, жаңа атау бұрынғы Ленин көшесінде Тұңғыш Президент күніне орай пайда болады.