Мұнай магнатының қызы әнші Сиви Махмуди жақында “Еңбек даңқы” төсбелгісіне ие болды. Кімнің қызы екендігін естеріңізге салғаным бекер емес.
Қуанышты хабармен Сиви өзінің жеке парақшасында бөлісті:
“Салалық мəдениет спорт жəне ақпарат қызметкерлерінің кəсіптік одағының шешімімен 2017 жылдың “Еңбек даңқы” төсбелгісіне мен ие болдым! Қолдауларыңызға көп рахмет! Мемлекет тарапынан берілген осындай атақтары алға қарай жүріп, одан əрі шабыттандыра түседі. Алла қаласа 2018 “Еңбек даңқы” төсбелгісін заң бойынша мен тағайындайды екем. Көп рахмет!” – делінген жазбада.
Бір тараптан қарасақ, отадық шоу-бизнесте өз өнерін көрсетіп жүргендер қарасы жетерлік, алайда жас емес, сахнаны тоздырған саңлақтар да жете алмай жүрген бұл төсбелгіге Сивидің оңай ала салғаны қалай? Жә,екінші тараптан көрелік, Сиви әнші ғана емес, актриса, өз кәсібін дөңгелетіп жүрген кәсіпкер, қысқасы бірнеше саланың адамы. Қазіргі таңда сегіз қырлылардың да қарасы көп. Онымен таңқылдыра алмаймыз. Үшіншіден, “Еңбек даңқы” төсбелгісі өнеркәсіп, транспорт, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен материалдық өндіріс салаларына еңбегі сіңген Қазақстан азаматтарына берілетін мемлекеттік марапат. Сивидің бұл тарапқа сәйкес келетіндігін мен білмейді екем. Халықта білмей дал:
Мұндай пікірлер саны жетіп артылады. Сіздің ойыңыз қандай?