Қазақстандық полицейлер алдап, арбау, жымқыру және 45 миллион теңгені ұрлады деген күдіктілер Украинада ұсталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтөбелік полицейлер Днепропетровск қаласының украиналық әріптестерімен бірге Ақтөбедегі ЖШС бас бухгалтерін ұстады. Ол 2014 жылы сеніп тапсырылған қаражатты, яғни 5 миллион теңгені жымқырған және өз енесінен 11,2 миллион теңгені ұрлады деген күдікке ілінген. Құқық қорғау органдары қызметкерлері күдіктінің Украинада жүргенін анықтаған. Онда оның туыстары тұрады екен. Ол ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.