Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі парақшасында жары екеуінің алғаш үйленген кездерін еске алып, отбасылық өміріндегі алғашқы күндерімен бөлісті.
“2007 жыл… Жаз… Маусым айы… Жүректе махаббат, романтика, жылылық, жан дүнием бақытқа толы, ал ойымда желдей еркіндік. Біз ол кезде 18-19 жастамыз, біз қарым -қатынастың салмағын ойлап, түсініп жатпадық. Екеуміз тек бір -бірімізді сүйдік және бірге болғымыз келді, тіпті бақыт пен шексіз махаббат үшін басқа қалаға, басқа өмірге қашып кеттік. Бастысы ата -аналарымыз бізге қолдау білдірді және шешімізді қабылдады. Бірақ менің әкем білмейтін ( кейіннен оны да көндірдік).
Жұлдыздың жазбасын оқыған оқырмандары беташар өте салып, күйеуін гастрольдік сапарға жібергеніне сүйсініп, оған түрлі тілектерін жазды. Жұлдыз болса оқиғасының әрі қарай жалғасы бар екенін айтқан.
Дереккөз: Nur.kz