Жаңашылдыққа талпынудан шаршамайтын Қайрат Нұртас тағы ел назарында. Әншінің халыққа ұсынар ендігі “фишкасы” – өз жұбайы. Күні кеше Жұлдыз Әбдікәрімова алғаш рет Қайрат Нұртастың кешін жүргізді. Қайраттың жарын алғаш болып павлодарлықтар көрді, деп жазады Stan.kz.
Әбдікәрімованың сөзіне қарағанда, Павлодар тұрғындары оны құшақ жая қарсы алған көрінеді.
Бүгін толқу, қобалжудың басым болғанын білемін. Алайда, сіздердің жылы лебіз бен ыстық ықыластарыңызға бөленген Қайратымның қолдауын сездім. Ән кештерінде жолыққанша. Аман болыңыздар”, – деп жазды ол инста-парақшасында.
Айта кетейік, Қайрат пен Жұлдыздың әнсапары тура бір айға жалғаспақ.