Нұр-Сұлтан
Қазір
-15
Ертең
-7
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

“Не істеп тұр?”. Баян Мақсатқызы Арман мен Ашаның тойында ұятқа қалды (фото)

397

Кеш бойы көзілдірік киіп, жұрт көзінен жасырынуға тырысқан Баян Мақсатқызы микрофон ұсынылған сәтте сөз сөйлеуден бас тарта алмады, деп хабарлады 31 арнаның “Айта берсін” бағдарламасы.

“Аша 1 жасқа да толмай тұрған кезде, сәби шағында оған қараушы едім. Таңды Ашамен атырып, күнді де сонымен бірге батыратынмын. Боташка нәзік әрі жіңішке қыз болатын, ешқашан жыламайтын, қыңыр мінез көрсетпейтін. Тамағын берсең болды, ішіп тыныш қана отыратын. Ұйықтатсаң, ұйықтап қала салатын. Көзі бақырайып қалған, кірпіктері ұзын, аузы жарты бетін алып тұратын. Аузынан емізік түспейтін. Ешқашан жыламайтын. Бүгін Асылымды көріп, анасына қатты ұқсайтынын байқадым. Әкесіне де ұқсайды, бірақ анасына көбірек, ренжіме Арман”, – деп атап өтті Мақсатқызы.

Отбасылық мерекеге сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовті ертіп келген Мақсатқызы тосыннан мәлімдеме жасап, жұртты бір шулатты.

“Бұл екеуі біздің отбасымызда бірінші орында. Нағашылар жақта оларды ең әдемі жұп деп атаймыз. Бірақ қазір біз де (авт. Тұрсынғали Алагөзовпен бірге) сендермен бәсекеге түсе аламыз. Сондықтан бұл сұрақты қайта қарастырып, дауысқа салу қажет”, – деп мәлімдеді Мақсатқызы.

Әншейінде жарқырап жүретін Мақсатқызы бұл тойға шашының ұйпа-тұйпасы шыққан күйде, қарапайым водолазка мен қара белдемше киіп келіп, ұятқа қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз