“Жәйләп-жәйләп отбасыммен таныстырамын”, деген Айдарбековтер отбасы немерелерін таныстыруға көшкен.
Жақында ғана Гүлзира Айдарбекова немересі Ханды инстаграм парақшасына жүктеп, елге көрсеткен еді. Енді Нұртас Айдарбеков те тағы бір немересінің суретін жариялады.
“Зуылдап өтіп жатқан өмір-ай! Алғаш немерелі болып, роддомнан әкеле сала түрі кімге ұқсайды деп тамсанып отырған кезім ғой. Ұрпағыңмен мың жасайсың деген осы”, – дейді Нұртас Айдарбеков.
Сурет астындағы халық пікіріне қарасақ, суреттегі сәби Қайрат Нұртастың тұңғышы – Сезім.
Сурет жүктелгеннен соң бірнеше уақыт аралағында 19 мың лүпіл жинап үлгерген.
“Қайраттың өзінен аумай қалған”, “Немереңіз сізден аумайды”, “Ұрпағыңыз аман болсын”, – деп пікір білдірді желі оқырмандары.