Нұр-Сұлтан
Қазір
-10
Ертең
-14
USD
500
+0.96
EUR
526
+1.55
RUB
4.62
-0.13

Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан шекараның түйісу нүктесі туралы келісімге қол қойды

Салтанатқа Қазақстанның сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Түркменстан сыртқы істер министрі Рашид Мередов және Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов қатысқан.

Түйісу нүктесі туралы Келісімге қол қою Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны халықаралық-құқықтық ресімдеудің бір кезеңін толығымен аяқтауға мүмкіндік беріп, өзара сыйластық, суверенді теңдік пен аумақтық тұтастықты нығайтуға негіз болады.

“Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап мемлекеттік шекараны айқындауға ерекше мән берді. Шынымен де бұл мәселе жауапты мемлекет құрылысы мен ел қауіпсіздігінің басты шарты. Бүгін қол қойылған үшжақты келісім Орталық Азия үшін тарихи құжат болып саналады, өйткені үш елдің мемлекеттік шекарасын құқықтық ресімдеуге нүкте қойып отыр”, — деді Әбдірахманов қол қою рәсімінен соң.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз